"Пай,пай қазақтын қыздары-ай!" келіндер сайысы

"Пай,пай қазақтын қыздары-ай!" келіндер сайысы

"Пай,пай қазақтын қыздарын-ай!" Ескелді аудандық келіндер сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты – қазақ халқының келінге қатысты ежелден келе жатқан салт-дәстүр, қағидаттарын жаңғырту, әр әулеттің алтын қазығы келіннің ұлт болашағы үшін салиқалы, салмақты орнын айқынду, насихаттау. Қазақ қыздарының бойына ұлттық тәрбие мен мәдениетті сіңіріп, әйелге тән нәзіктік пен мейірімділікке баулу.

Қаратал ауылдық округінің атынан қатысқан, көп балалы ана Игенова Жансая жүлделі 1 орын иеленді.

Қазақ халқында келіннің орны қашанда ерекше. Бүгінгі төрімізде отырған қызымыз ертең бір азаматтың жары, бір әулеттің келіні, болашақ ана. Сондықтан әрбір қазақ қызы өз шаңырағының бақыты болсын дейміз. Жансаяны жеңісімен құттықтаймыз және оған денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз.