
Марапаттау рәсімі барысында Ескелді ауданының әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы көпбалалы ананың өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі елеулі еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, отбасы амандығы мен бақ-береке тіледі.
«Күміс алқа» – көпбалалы аналарға табысталатын құрметті мемлекеттік награда. Бұл марапат ананың еңбегіне көрсетілген жоғары құрметтің белгісі болып табылады және отбасы құндылықтарын нығайтудағы, саналы ұрпақ тәрбиелеудегі ерекше үлесін айқындайды.
Дәметкүл Көксегенді осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасына амандық, деніне саулық, балалардың қызығын көріп, ұзақ ғұмыр кешуіне тілектеспіз. Осындай ардақты аналар – ауылымыздың мақтанышы, елдің тірегі.