
Күннің жылынуына байланысты округ аумағында су тасқынының алдын алу мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта арықтар, су өткізу арналары мен өзен арналары қардан, мұздан, қоқыстан және шөгінділерден тазартылуда. Бұл жұмыстар еріген қар суларының кедергісіз ағуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Көктемгі қарқынды қар еру кезеңінде аулалар мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі туындайды. Осындай төтенше жағдайлардың алдын алу үшін алдын алу шаралары күшейтілді. Негізгі мақсат – су тасқыны қаупін азайтып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осыған байланысты округ тұрғындарын өз үйлеріне іргелес орналасқан арықтар мен су ағатын арналарының ішін тұрмыстық қалдықтардан, жапырақтардан, бұтақтар мен қалың шөптерден тазартуға шақырамыз. Бітелген арықтар судың қалыпты ағуына кедергі келтіріп, бір ғана ауланы емес, тұтас көшелерді су басуына себеп болуы мүмкін.