Қаратал ауылдық округінде Республика күні аталып өтті

Қаратал ауылдық округінде Республика күні аталып өтті

Қаратал ауылдық округінде 25 қазан – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға ауыл тұрғындары, оқушылар мен ұстаздар, мәдениет үйінің өнерпаздары қатысты. Іс-шара барысында округ әкімі жиналғандарды мемлекеттік мерекемен құттықтап, ел тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығын атап өтті. Мәдениет үйінің әртістері мен мектеп оқушылары мерекелік концерт ұсынып, патриоттық әндер мен би нөмірлерін орындады. Көрермендер өнерпаздарға ыстық ықыластарын білдіріп, мерекелік көңіл күй сыйлады.