Елімізде дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан “Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акциясы 2025 жылдың 1 тамызыдан басталғаның және 30 қыркүйекке дейін жалғасатынын хабарлаймыз.
Акцияның негізгі мақсаты:
қолдау көрсету, олардың мектепке толық дайындықпен баруын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады.
“Мектепке жол” акциясы аясында балаларға мектеп формасы, оқу құралдары, аяқ киім және басқа да қажетті заттар табысталып, олардың білім алуға деген ынтасын арттыру көзделеді.
Акцияны ұйымдастырушылар:
1) Аудан, ауылдық округ әкімдіктері;
2) Аудандық білім беру бөлімі;
3) Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аумақтық комиссиялардың мүшелері кіреді.
Акцияны ұйымдастырушылар өз ауылының барлық азаматтарына, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайдағы отбасылары мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді.