
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қаратал ауылдық округінде тойланды.
Баланың ең сенімді қорғанысы – дені сау, тату, берекелі отбасы. Балалар біздің үмітіміз, болашағымыз. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан бақыт жоқ, оны солай ету – отбасының, қоғамның, мемлекеттің міндеті.
Балалар өз өнерлерін көрсетіп, қызықты ойындар ойнап, есте қалатын керемет іс-шараға қатысты. Әкімшілік тарапынан балмұздақ таратылды.