Қарабұлақ ауылдық округ әкімшілігі, жергілікті учаскелік полиция қызметкері және «Ескелді-Газ» ЖШС-нің мамандары бірлесіп, ағымдағы жылдың 21 маусымында, Қарабұлақ ауылы Аққайың көшесінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты: Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару келісім-шартын жасау, қоқыстарды тастауға арналған контейнерлерді орнату және өзіне тиесілі жер аумағына тазалықтарды жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.