
“Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесінде азаматтық қорғау саласы бойынша оқу-жаттығу (сейсможаттығу) өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын пысықтау, қауіпсіздік талаптарын сақтау және жер сілкінісі кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Оқу-жаттығу барысында эвакуациялау тәртібі түсіндіріліп, қауіпсіз аймақтарға шығу жұмыстары ұйымдастырылды. Қатысушыларға төтенше жағдай кезіндегі алғашқы іс-әрекеттер туралы нұсқаулық берілді.
Сонымен қатар, жер сілкінісі кезінде қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық брошюралар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.