Абай ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында сенбілік ұйымдастырылды.

Абай ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында  сенбілік ұйымдастырылды.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Қарабұлақ ауылдық округіне қарасты Ешкіөлмес және Абай ауылдарында көктемгі кезеңде су деңгейінің көтерілуіне байланысты су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, елді мекендер аумағындағы арық-каналдар тазаланып, су өткізу қабілетін арттыруға бағытталған шаралар қабылданды.
Сонымен қатар, Абай ауылында жаппай сенбілік ұйымдастырылып, аталған іс-шараға мекеме және ұйым қызметкерлері қатысты. Сенбілік барысында арық-каналдар мен қоғамдық аумақтар тазаланды. Жүргізілген жұмыстар көктемгі су тасқынының алдын алуға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ауыл аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.