Көлік салығын қашан төлеу керек

Көлік салығын қашан төлеу керек

Көлік салығын қашан төлеу керек
Көлік құралдарына салынатын салық жыл сайын төленеді. Әдетте салық кезеңі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі толық күнтізбелік жылды қамтиды.
- Жеке тұлғалар, оның ішінде жеке кәсіпкерлер, өткен салық кезеңі үшін көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуге міндетті. Бұл ретте жеке кәсіпкерлерге салықтық есептілік тапсыру талап етілмейді.
- Заңды тұлғалар көлік салығын 5 шілдеге дейін төлейді.Егер көлік құралы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен кейін сатып алынған болса, салықты салық декларациясын тапсыру мерзімі аяқталған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде төлеу қажет. Бұл ретте декларация келесі жылдың 31 наурызына дейін ұсынылуы тиіс.
Сонымен қатар, бірқатар ерекшеліктер бар:
• Көлік құралын тіркеу немесе қайта тіркеу қажет болған жағдайда, салық тиісті әрекеттер жасалғанға дейін төленуі тиіс.
• Егер көлік құралы сатып алынғанға дейін Қазақстан Республикасында тіркелмеген болса, салық сатып алынған айдың бірінші күнінен бастап есептеледі және сол жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.