Аудан әкімі Елдос Ахметовтың халықпен тұрақты кездесуі Қайнарлы ауылдық округтерінде өтті. Кездесуге жиналған халыққа ауданның өткен 2024 жылдың әлеуметтік- экономикалық даму көрсеткіштері, 2025 жылға қойған мақсаттары жөнінде баяндап, таныстырды. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті. Ауылдың тұрғындары - газ мәселелері туралы сұрақтарды қозғады. Жиында ауыл халқының қойған сұрақтарына аудан әкімі жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу мезгілін айтып, оның өз кезеңімен шешімін табатынын жеткізді. Кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлер бойынша жұмыс жоспары жасалып, оның орындалу мерзімдері көрсетіліп, әр атқарылған жұмыстар аудан әкімінің ресми сайтында жарияланатын болады.