Бақтыбай ауылдық округі Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті.

Бақтыбай ауылдық округі Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті.
  • «Наурыз мейрамы» - табиғаттың жаңаруын, достық пен махаббатты бейнелейтін көктемнің басты мейрамы болып табылады. Бұл мереке көктемгі күн мен түннің теңесуі, көктемнің толығымен өз күшіне ие болуы кезінде тойланады. Дәстүр бойынша халқымыз бұл мерекеде ұлттық киімдерін киіп, туыстары мен жақындарына ізгі тілектерін айта отырып, көктемнің келуімен құттықтауға барады.
  • Бақтыбай ауылдық округі Наурыз мейрамын кең көлемде атап өтті. Ауыл тұрғындары Ұлыстың ұлы күнін ерекше көніл-күймен қарсы алды. Мейрамға орай ақ дастархан жайылып, оған ұлттық тағамдар мен дәмді ас мәзірі қойылды. Жиналған ауыл тұрғындарына наурыз көже ұсынылып, мерекелік атмосфера ерекше сезілді. Сонымен қатар, ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталып, Наурыз мерекесінің қызығын арттыра түсті.