
Таза бейсенбі акциясы жалғасуда.
Бүгін Бақтыбай округінде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы мәдениет үйі аумағында жалғасын тапты.
Аталған шара аясында округ әкімдігі мен мәдениет үйінің қызметкерлері бірлесіп, аумақты тазалау жұмыстарын жүргізді.
Тазалық жұмыстары барысында айнала ретке келтіріліп, қоқыстар жиналып, аула көркейтілді. Бұл акция – қоршаған ортаны таза ұстауға, туған жерге деген жанашырлықты арттыруға бағытталған игі бастама.
Тазалық – әрқайсымыздан басталады!