- ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. Байқауды ұйымдастырушылар: «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ және «Жетісу Жастары» КММ.
1.2. «Көшбасшы-2025» жастар сыйлығы — Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына белсенді үлес қосқан жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі облыстық іс-шара.
- БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1. Мақсаты — 14-35 жас аралығындағы үздік жастарды марапаттап, олардың жетістіктерін кең жұртшылыққа таныту.
2.2. Міндеттері:
- жастардың жетістіктерін көпшілікке таныстыру;
- перспективалы көшбасшыларды анықтау;
- жастарды мемлекеттік, өңірлік бағдарламалар мен қоғамдық өмірге тарту;
- үздік жастарды материалдық және моральдық тұрғыда ынталандыру.
- ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ
3.1. Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы-2025» жастар сыйлығына үміткерлер:
- Жетісу облысының 14-35 жас аралығындағы (өтінім берудің соңғы күніне дейін) белсенді жастары;
- мектеп, колледж, ЖОО білім алушылары, волонтерлар, мұғалімдер мен жас ғалымдар, мәдениет, спорт, медицина саласының өкілдері, кәсіпкерлер, журналистер, жас отбасылар және т.б.;
- белгілі бір салада жетістіктерге жетуі және облыстық, республикалық, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алып жүрген жастар;
- белсенді, білімді, креативті ойлайтын, Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянып қалмайтын нағыз Көшбасшы жас болуы керек.
3.2. Байқауды өткізу барысында үміткерлер презентация, қайырымдылық
іс-шаралар мен баспасөз конференцияларына тартылуы мүмкін.
3.3. Үміткер ұсынған құжаттардың растылығы мен заңдылығына толық жауапты.
3.4. Байқауға соңғы 3 жыл ішінде жеңімпаз атанған жастар қатыспайды.
3.5. Үміткер тек бір аталым бойынша қатыса алады;
3.6. Қатысушының облыста тұрып жатқаны және жұмыс істейтіні/оқитыны расталуы қажет.
- БАЙҚАУДЫҢ АТАЛЫМДАРЫ
4.1. Байқау келесі аталымдар бойынша өткізіледі (талаптарды растайтын құжаттар тіркелуі қажет):
1) «Үздік жас жұмысшы маман»
- Жасы: 18-ден 35 жасқа дейінгі аралықта (жеке куәлік көшірмесі);
- Білімі: Жоғары оқу орны, кәсіптік-техникалық немесе орта арнаулы білімі бар (колледж, техникум т.б.);
- Жұмыс тәжірибесі: Кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. Еңбек жолында басшылық тарапынан ескерту, қызметтік жаза немесе сөгіс болмағаны жөнінде жұмыс орнынан анықтама (басшының қолы мен мөрімен расталуы қажет);
- Кәсіби жетістігі: Соңғы 1 жылда жұмысында жоғары нәтижеге қол жеткізген, кәсіби белсенділік танытқан болуы қажет. Бар болған жағдайда – медаль, алғыс хат, грамота, сертификаттардың көшірмелері ұсынылуы тиіс;
- Қатыса алатын негізгі салалар мен мамандықтар:
1. Өндіріс және өнеркәсіп: Слесарь, токарь, дәнекерлеуші (сварщик), машинист, механик; Электрик, электромонтер, автоматик; Техник-технолог, құрал-жабдық операторы; Металл өңдеу, машина жасау мамандары және т.б.
2. Құрылыс саласы: Құрылысшы, сылақшы, әрлеуші, тас қалаушы; Ағаш шебері, кран жүргізушісі, монтажшы т.б.
3. Ауыл шаруашылығы: Малшы, егінші, механизатор, агротехник; Суармалы жүйе қызметкері, ауылшаруашылық механигі т.б.
4. Көлік және логистика: Автокөлік жүргізушісі (жүк/қалааралық); Автомеханик, автоэлектрик; Темір жол технигі, вагон жөндеуші т.б.
5. Энергетика және ТКШ (тұрғын-коммуналдық шаруашылық): Қазандық операторы, сантехник, жылу технигі; Су, газ, жарық жүйелерінің мамандары т.б.
6. Қызмет көрсету саласы (техникалық): Тігінші, наубайшы, шаштараз, дәнекерлеуші, техникалық персонал; Кәсіпорындардағы техникалық қызметкерлер (зертхана, цех) т.б.
Қатыса алмайды: Жоғары лауазымды басқарушы қызметкерлер (бастықтар); Кеңсе қызметкерлері (кеңсе менеджері, бухгалтер, HR т.б.) т.б.
2) «Үздік жас қоғам белсендісі»
- Жасы: 14-тен 35 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);
- Волонтерлік, қайырымдылық, экологиялық, әлеуметтік және басқа да қоғамдық бағыттарда белсенді қызмет атқаруы;
- Қоғамда, БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы жастардың өзекті мәселелерін көтеріп, оларды шешуге атсалысқан болуы (портфолио: материалдар, фото-дәлелдемелер);
- Кемінде 2 жылдық тәжірибесі болуы және еңбек жолында тәртіптік жазасы болмауы (жұмыс орнынан/ұйымнан анықтама);
- Көшбасшылық қасиетке ие, оқуда немесе қоғамдық ортада ерекше дағды көрсеткен;
- Жастар саясатына қатысуы (кемінде 3 ұсыныс хат – мемлекеттік ұйымдардан немесе ҮЕҰ);
- Соңғы 3 жылда алған марапаттары (алғыс хат, грамота, медаль, сертификаттар – көшірмелері).
- «Үздік жас спортшы»
- Жасы: 14-тен 35 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);
- Халықаралық, республикалық немесе облыстық спорттық жарыстардың жүлдегері (куәлік, медаль көшірмелері);
- Еңбек жолында немесе оқу орнында тәртіптік жазасы, допинг дауы мен басқа тәртіп бұзушылықтарға қатысы болмауы (анықтама);
- Облыс көлемінде жастар саясаты мен қоғамдық шараларға белсене қатысуы (портфолио, кемі 3 ұсыныс хат);
- Көшбасшылық қасиеті мен ерекше спорттық қабілеті болуы;
- Соңғы 3 жылда марапатталған және спорттық дәрежесі бар (құжат көшірмелері).
- «Үздік студент»
- Жасы: 14-тен 23 жасқа дейін (жеке куәлік көшірмесі);
- Жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарының студенті;
- GPA көрсеткіші жоғары, оқуда озат (академиялық анықтама);
- Кемінде 2 жыл жастар ұйымы немесе қозғалысында белсенді қызмет атқарған (растайтын анықтама);
- Студенттік билетінің көшірмесі;
- Қысқаша портфолио (ғылыми/шығармашылық/қоғамдық белсенділік туралы мәліметтер);
- Жастар саясатына қатысқаны үшін 3 ұсыныс хат;
- Соңғы 3 жылда марапаттар, сертификаттар алған болуы қажет.
5) «Үздік оқушы»
- Жасы: 14–18 жас аралығында (орта мектеп оқушысы);
- Оқуда озат, көшбасшылық қабілеті бар, ерекше шеберлікке ие (мектеп анықтамасы);
- Мемлекеттік жастар саясаты мен қоғамдық іс-шараларға қатысқан (портфолио, жоба);
- Қоғамдық жұмысқа белсенді араласқан: ментор, дебат, өзін-өзі басқару ұйымдары және т.б. (кемі 3 ұсыныс хат);
- Халықаралық, республикалық олимпиада, ғылыми жоба, конкурс жүлдегері;
- Соңғы 3 жылда марапаттарға ие болған (құжат көшірмелері).
6) «Білім және ғылым саласының үздік жас көшбасшысы»
- Жасы: 18–35 жас (жеке куәлік көшірмесі);
- Кәсіби саласы: Мұғалім, оқытушы, жас ғалым, ғылыми қызметкер, білім беру саласындағы менеджер, педагог-зерттеуші және т.б.;
- Кемінде 3 жылдық еңбек өтілі (оқу орны немесе ғылыми-зерттеу мекемесінен анықтама);
- Мемлекеттік жастар саясатына белсене араласуы (3 ұсыныс хат);
- Көшбасшылық қабілеті мен ерекше кәсіби шеберлігі;
- Ғылыми жетістіктері бар: ғылыми мақала, патент, авторлық куәлік және т.б.;
- Магистр немесе PhD дәрежесі (құжат көшірмесі);
- Соңғы 3 жылда халықаралық/республикалық ғылыми журналда жарияланымдары болуы;
- Марапаттар, сертификаттар (құжаттармен расталуы керек).
7) «Үздік жас отбасы»
- Жасы: ерлі-зайыптылардың жасы 35-тен аспауы тиіс (жеке куәлік көшірмелері);
- Қазақстан Республикасының азаматтары;
- Ресми некеде болуы және толыққанды отбасы (неке куәлігі мен балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
- Кемінде 4 бала тәрбиелеп отырған;
- Жастар саясатына және қоғамдық өмірге белсенді араласуы (кемінде 3 ұсыныс хат);
- Еңбекші әулеттерден шыққан болуы (еңбек өтілі, сала дәстүрі);
- Отбасы мүшелерінің жетістіктері, жобаларға қатысуы, ұлттық құндылықтарды дәріптеуі (портфолио);
- Құжаттар пакеті: Отбасылық фотосуреттер (күнделікті өмірінен, іс-шаралардан); Отбасы туралы қысқаша сипаттама (өмір салты, құндылықтары, жетістіктері);
- Соңғы 3 жылда марапатталған болуы.
8) «Үздік жас кәсіпкер»
- Жасы: 18–35 жас (жеке куәлік көшірмесі);
- Кәсіпкерлікпен кемінде 3 жыл айналысқан (Egov анықтама), жеке кәсіпкер (ИП), ЖШС иесі немесе құрылтайшысы;
- Бизнесті дамытуда жаңашылдық енгізген, отандық өнім өндіруде үлесі бар (портфолио, өнім, жоба);
- Кәсіпкерлік қызметінің сипаттамасы (қашан, қалай басталды, немен айналысады);
- NEET санатындағы немесе жұмыссыз жастарды жұмысқа тартқан (штат кестесі);
- Қайырымдылықпен немесе демеушілікпен айналысқан (растайтын материалдар);
- Кәсіпорын көлемі, желілері, жұмыс күші ескеріледі (құрылым, сипаттама);
- Мемлекеттік жастар саясатына белсенді араласуы (3 ұсыныс хат);
- Жобаның/бизнесінің жетістіктерін растайтын құжаттар (сертификаттар, марапаттар, БАҚ жарияланымдар, фото/видео материалдар);
- Соңғы 3 жылда марапаттар алған болуы тиіс.
9) «Мәдениет саласының үздік жас көшбасшысы»
- Жасы: 14–35 жас (жеке куәлік көшірмесі);
- Қызмет бағыты: Мәдениет, өнер, музыка, театр, би, бейнелеу өнері, киелі мұра, музей ісі, халық шығармашылығы, т.б. салаларда еңбек етіп жүрген;
- Мәдени іс-шараларға белсенді қатысушы немесе ұйымдастырушы, көшбасшылық және кәсіби шеберлікке ие, жастар арасында танымал;
- Жеке шығармашылық репертуары, туындысы болуы (жарияланған немесе платформада орналасқан);
- Соңғы 3 жылда республикалық немесе халықаралық байқауларда жүлде алған;
- Облыс көлемінде мәдени жобалар мен жастар саясатына үлес қосқан (3 ұсыныс хат);
- Еңбек тәртібін бұзбаған (анықтама);
- Шығармашылық портфолио (бейнематериалдар, суреттер, сілтемелер);
- Марапаттар, сертификаттар бар.
10) «Медицина саласының үздік жас көшбасшысы»
- Жасы: 14–35 жас (жеке куәлік көшірмесі);
- Кәсіби мәртебесі: Дәрігер, фельдшер, мейіргер, зертханашы, санитариялық дәрігер, психолог немесе басқа да денсаулық сақтау саласының маманы;
- Еңбек өтілі: кемінде 3 жыл, еңбек тәртібі бұзылмаған (анықтама);
- Медицина саласындағы жетістіктер: күрделі ота, жаңа тәсіл, әулеттік мамандық үлгісі (портфолио);
- Қоғамдық денсаулықты нығайтуға белсенді қатысушы;
- Төтенше жағдайлар кезінде (COVID-19, қан тапсыру, еріктілік т.б.) ерекше еңбек сіңірген;
- Жастар саясатына үлес қосуы (3 ұсыныс хат);
- Соңғы 3 жылда марапатталған (құжат көшірмелері).
11) «Үздік жас журналист»
- Жасы: 14–35 жас (жеке куәлік көшірмесі);
- Кәсібі: Тележурналист, радиожурналист, газет-журнал тілшісі, онлайн медиа редакторы, блогер, медиаконтент жасаушы (YouTube, Instagram, т.б.);
- Жұмыс орны: Бұқаралық ақпарат құралында, медиа жобада, ақпарат агенттігінде немесе фрилансер ретінде жұмыс істеуі;
- Медиа саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;
- Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттандыруда белсенді;
- Өзекті тақырыптарда зерттеу, ақпарат таратуда шынайылық пен кәсібилікті ұстануы, авторлық материал, БАҚ-тағы жарияланымдар;
- Қоғамдық маңызы бар жобаларға үлес қосқан (портфолио, ұсыныс хаттар);
- Медиа өнімдерінің сілтемелері немесе скриншоттары (мақалалар, репортаждар, сюжеттер, т.б.);
- БАҚ немесе аудитория тарапынан расталған жетістіктер;
- Ұсыныс хат (редакция басшысы, продюсер, қоғамдық ұйымнан).
- Соңғы 3 жылда марапаттары болуы тиіс.
12) «Ауыл шаруашылық саласының үздік жас көшбасшысы»
- Жасы: 18–35 жас (жеке куәлік көшірмесі);
- Қызмет бағыты: Егіншілік, мал шаруашылығы, агротехника, агрономия, фермерлік, ветеринария, қайта өңдеу, жылыжай, бау-бақша, балық шаруашылығы, т.б.;
- Кемінде 3 жыл еңбек өтілі, тәртіптік жазасы болмауы тиіс (жұмыс орнынан анықтама);
- Ауыл шаруашылығы саласында нақты нәтижелерге жеткен;
- Қоғамдық, әлеуметтік жобаларға үлес қосқан;
- Заманауи агротехнологияларды енгізген, жаңашылдық көрсеткен;
- Жұмыс нәтижелері (өнім көлемі, табыс, жер көлемі, техника, жұмысшылар саны);
- Фото/бейне материалдар;
- Тіркеу немесе шаруа қожалығы туралы құжат;
- Ұсыныс хат (ауылдық округ, агроөндірістік басқарма, серіктестерден).
- Соңғы 3 жылда марапаттары бар (құжаттар көшірмесі).
- БАЙҚАУ МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ
5.1. Байқау екі кезеңде өткізіледі:
Бірінші кезең – ұйымдастырушылар қатысушының құжаттарының толықтығы мен сәйкестігін тексереді. Қажет болған жағдайда құжаттарды толықтыру үшін 1 жұмыс күні беріледі.
Екінші кезең – арнайы бекітілген ережеге сәйкес құрылған қазылар алқасы үміткерлердің материалдарын бағалайды.
5.2. Үміткер тек бір ғана номинацияға қатыса алады.
5.3. Байқауға соңғы 3 жыл ішінде қол жеткізген нақты нәтижелер мен жетістіктер ұсынылады.
5.4. Қазылар алқасы бағалау парағы негізінде үміткерлердің портфолиосын сараптап, төмендегі критерийлер бойынша 1-ден 10 балл аралығында бағалайды:
- Жұмыс өтілі;
- Халықаралық және республикалық ғылыми жобалар, байқаулар, олимпиадалар;
- Оқудағы үлгерімі мен жетістіктері (оқушылар мен студенттер үшін);
- Қоғамдық белсенділігі;
- Жастар арасында танымалдығы (блог, медиа, аудитория ықпалы);
- Қайырымдылық және демеушілік қызмет;
- Ұлттық құндылықтарды дәріптеуі;
- Ісіне адалдығы мен шынайылығы;
- Жастарды қамту ауқымы;
- Іс-шаралардың сапасы мен маңыздылығы;
- Ұсыныс хаттар, мінездемелер, марапат деңгейі;
- Ұсынылған материалдардың өзектілігі;
- Жеке белсенділігі мен нақты үлесі;
- Авторлық жобалар мен бастамалар;
- Цифрлық технологияны қолдану (медиа, онлайн құралдар).
Критерийлер тізімі байқау номинациясына байланысты өзгертіліп немесе нақтылауға жатады.
5.5. Портфолиоға қойылатын техникалық талаптар:
Баспалық нұсқа (1 дана):
- Көлемі –А3-тен үлкен емес;
- Түрлі-түсті, 200 г/м²-ден төмен емес қағазға басылып, жұмсақ мұқабаментүптелген (переплет);
- Мазмұн бетібірінші бетте болуы тиіс;
- Барлық беттерінөмірленген, фотосуреттермен расталған, қысқа да түсінікті түрде жасалған;
- Креативті түрде (сандық, ағаш т.б.) ұсынылған портфолиолар үшінқосымша балл берілмейді.
Электронды нұсқа (флешкада):
- Файлдарбір архивке жиналып, бір PDF форматына біріктірілген;
- Файл атауында:аты-жөні, номинациясы, аудан/қала көрсетілуі қажет;
- PDF көлемі –25 ГБ-қа дейін;
- Барлық сканерленген құжаттарсапалы, анық көрінетін болуы керек;
- Құжаттарреттілікпен орналастырылып, бірізділік сақталуы тиіс.
5.6. Авторлық құқық: Портфолиода ұсынылған барлық материалдар (мәтіндер, фотолар, бейнематериалдар, жобалар) үміткердің жеке меншігі болуы немесе заңды түрде қолдануға рұқсат етілген болуы тиіс. Авторлық құқық бұзылған жағдайда үміткер байқаудан шеттетіледі.
5.7. Апелляциялық тәртіп: Қазылар шешіміне келіспеген жағдайда үміткерлер байқау қорытындысы шыққаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде ұйымдастыру комитетіне жазбаша түрде апелляциялық өтініш жолдай алады. Апелляция қарау немесе қанағаттандыру – ұйымдастыру комитетінің құзырында.
- БАЙҚАУДЫҢ ӨТУ ТӘРТІБІ
6.1. Өтінімдер осы Ереже жарияланған күннен бастап 2025 жылғы 1 тамызға дейін қабылданады.
6.2. Қазылар алқасы портфолиоларды бағалап, ең үздік үміткерлерді іріктеп, олардың ішінен жеңімпаздарды анықтайды.
- БАЙҚАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
7.1. Байқаудың жалпы үйлестіруі ұйымдастыру комитетіне жүктеледі.
7.2. Ұйымдастыру комитеті қатысушылардың:
- Жіберген материалдарын,
- Тізімін,
- Жеңімпаздар базасын сақтайтын деректер қорын әзірлейді.
7.3. Комитет осы Ережені басшылыққа ала отырып жұмыс жүргізеді.
- БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ
8.1. Әр номинация бойынша жеке отырыс ұйымдастырылады.
8.2. Қазылар алқасы облыс әкімінің өкімімен бекітіледі.
8.3. Қазылар портфолиоларды саралап, баллдық жүйе арқылы әділ баға береді.
8.4. Қазылар алқасына мыналар кіреді:
- Ұйымдастырушы орган – Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы;
- Облыс әкімінің орынбасары;
- Депутаттар, қоғам қайраткерлері, белсенділер;
- Журналистер;
- Білім, ғылым, мәдениет, медицина, спорт, жастар саласының өкілдері;
- Өткен жылдардағы жеңімпаздар;
- Байқау серіктестері мен қолдаушылары.
8.5. Қазылар алқасы мүшелері марапаттау рәсіміне қатысуы міндетті.
- БАЙҚАУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ШЫҒАРУ
9.1. Қазылар алқасы үміткерлерге балл беріп, жеңімпаздарды анықтайды.
9.2. Егер портфолиолар сапасыз болса немесе талапқа сай келмесе, жүлде берілмей қалуы мүмкін – бұл жағдайда комиссия байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс енгізуге құқылы.
9.3. Байқау нәтижелері 2025 жылғы 12 тамыз күні өтетін марапаттау салтанатында жарияланады.
Салтанатты рәсімге:
- Байқауға қатысушылар мен жеңімпаздар;
- Мектеп, колледж, ЖОО студенттері;
- Мұғалімдер мен жас ғалымдар;
- Волонтерлер;
- Мәдениет, спорт, медицина, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет саласындағы жастар;
- Жас отбасылар, жастар ұйымдары;
- Қызығушылық танытқан тұрғындар мен қонақтар қатысады.
9.4. Жеңімпаздар мынадай марапаттарға ие болады:
- Диплом;
- Мүсінше (статуэтка);
- Ақшалай сыйақы(мөлшері кейінірек бекітіледі).
* Қосымша түрде «Арнайы жүлде», «Көрермен көзайымы» секілді ынталандыру сыйлықтары тағайындалуы мүмкін.
- БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ
10.1. Байқауға қатысу үшін құжаттар электронды және баспа нұсқада ұсынылуы қажет.
- Электронды нұсқа: E-mail:jastar@mail.ru
- Баспалық нұсқа: Мекенжайы:040000, Талдықорған қаласы, Д.Қонаев көшесі, №47, 212-кабинет
- Құжаттарды тапсырудыңсоңғы мерзімі: 2025 жылғы 1 тамыз, сағат 18:00-ге дейін.
- Байланыс телефондары:
- +7 (747) 465-50-90 —Ш. Саматқызы
- +7 (707) 682-69-49 —А. Нұрахметова
10.2. Байқау материалдары қазақ немесе орыс тілінде қабылданады.
10.3. Конкурстық материалдар қайтарылмайды және өңделмейді. Ұсынылған материалдар БАҚ-та, интернет-ресурстарда немесе өзге де алаңдарда толық немесе ішінара жариялануы мүмкін. Қатысушы материалдардың жариялануына келісім білдіреді деп есептеледі.
- ӨТІНІМ ҮЛГІСІ
Бет № |
Мазмұны |
1-бет |
Мұқаба: Үміткердің аты-жөні, суреті, номинация атауы, аудан/қала көрсетіледі. |
2-бет |
Өтінім: Қолы және күні қойылған. |
3-бет |
Мазмұн беті: Барлық бөлімдердің атауы мен бет нөмірлері көрсетіледі. |
4–5-беттер |
Кіріспе: Өмірбаяндық ақпарат: |
- ТАӘ (толық аты-жөні);
- Туған күні, айы, жылы;
- Оқу орны/жұмыс орны;
- Отбасылық жағдайы;
- Еңбек өтілі немесе тәжірибесі;
- Қызығушылықтар, хобби;
- Өзін таныстыру сипаттамасы.
6–20-беттер | Жетістіктері:
- Жыл/ай/күн тәртібіменреттелген;
- Әр жетістікке қысқашатүсініктеме беріледі (қайда, қандай байқау, қандай нәтиже);
- Суреттермен немесе құжат көшірмелерімен расталады(түрлі-түсті дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттар т.б.);
- Қай жылы, қандай ұйымнан, не үшін берілгені нақты көрсетілуі тиіс.
21-бет | Мотивациялық эссе: «Неге мен “Көшбасшы” жастар сыйлығына лайықтымын?» тақырыбында.
- Эссееркін стильде, шынайы және шабыттандыратын болуы тиіс.
22–25-беттер | Фотосуреттер (барлығы 5):
- 1 – жеке портрет (ресми);
- 2 – жұмыс/оқу барысынан (іс-әрекет үстінде);
- 1 – бос уақыт кезінен (хобби, демалыс);
- 1 – отбасы мүшелерімен бірге түскен.
Суреттер анық, сапалы және мазмұнға сай болуы қажет.
Ескерту: Өтінім форматы ұсынылған үлгі бойынша сақталуы міндетті. Көрсетілген құрылым сақталмаған немесе мазмұны толық емес өтінімдер байқауға жіберілмеуі мүмкін.