
Жетісу облысында жастардың бастамалары мен кәсіпкерлік әлеуетін қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік Ұрпақтары» гранттық жобасы басталды. Аталған жоба 18–35 жас аралығындағы жұмыссыз жастарға арналған және олардың әлеуметтік, ғылыми, мәдени және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларын іске асыруға мүмкіндік береді.
Жобаның мақсаты — жастардың ел дамуына қосар үлесін арттыру, олардың өз кәсібін ашуға, ауыл шаруашылығы мен өндіріс салаларында жұмыс жасауына, сондай-ақ креативті және экологиялық бағыттарда дамуына қолдау көрсету.
Гранттар келесі 6 бағыт бойынша беріледі:
Әрбір жеңімпазға қайтарымсыз қаржылай қолдау беріледі. Қаражат қажетті құрал-жабдықтар мен материалдарды алуға, жұмыс орнын жабдықтауға және жобаны іске қосуға жұмсалады.
Өтініш қабылдау мерзімі:
2025 жылдың 15 мамырдан 15 шілде аралығында.
Қатысу шарттары:
Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасы жастарды аталған мүмкіндікке белсенді қатысуға шақырады.
Грант – тек қаржылық қолдау ғана емес, сонымен қатар өз арманыңды жүзеге асыру мен табысты кәсіпкерлік жолға қадам басудың алғашқы сатысы.