Ескелді ауданы әкімінің Е. Т. Ахметовтың Алдабергенов ауылдық округі тұрғындарымен есепті кездесуі

Ескелді ауданы әкімінің Е. Т. Ахметовтың Алдабергенов ауылдық округі тұрғындарымен есепті кездесуі

2025 жылдың сәуір айының 17 де Алдабергенов ауылдық округінде аудан әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлының Алдабергенов ауылдық округінің халқымен кездесуі өтті. Іс-шараға сондай-ақ аудандық мәслихаттың депутаты Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы және аудандық полиция бөлімінің басшысы Сағындықов Нұрлан Сәбитұлы қатысты. Кездесу барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол жөндеу, ауыз су мәселелері, мал шаруашылығы және құқықтық тәртіпті сақтау мәселелері қаралды. Ауыл тұрғындары көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізді. Әкім Елдос Тұрсынбайұлы әр сұраққа жеке тоқталып, жауап берді және көтерілген мәселелердің кейбірін жеке бақылауына алатынын айтты. Полиция басшысы Нұрлан Сәбитұлы құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік туралы баяндама жасап, тұрғындарды заңдылықты сақтауға шақырды.