Хабарландыру!

Хабарландыру!


Құрметті тұрғындар! Ағымдағы жылдың мамыр айының 20-шы жұлдызы мен шілде айының 20-шы жұлдызы аралығында аса қауіпті зиянды организмдерге (итальяндық прус) және зиянды организмдерге (саяқ шегірткелер) қарсы химиялық жолмен өңдеу жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз! Атап айтқанда, өңдеу жұмыстары Ақын Сара, Бақтыбай, Көкжазық ауылдық округтеріне қарасты аумақтарында қоныстанған итальяндық прус және саяқ шегірткелерге қарсы жер үсті және ұшақпен дәрі шашылады. Осыған байланысты ауыл тұрғындары және омарташыларды химиялық өңдеу жүргізілген жерлерге техникалық қауіпсіздік шараларын сақтауды, дәрі шашылған жерлерге 30 күнге дейін мал, бал араларын бағуға және демалуға болмайтынын ескертеміз. Бүгінгі күнде аудан бойынша және барлық ауылдық округтерінде шегіртке тектес аса қауіпті зиянды организмдерге қарсы күрес үшін құрылған штаб мүшелері жұмыс істейді. Сондықтан қала, ауыл тұрғындарының назарына саларымыз, шегіртке шоғырланған жерлерін (кулигаларын) көрсеңіздер дереу сол ауылдың әкімшілігіне хабарласуыңызды сұраймыз.