Қайырымдылық күні

Қайырымдылық күні

15 Наурыз – Қайырымдылық күніне орай Ақын Сара ауылдық округінің әкімдігі, мешіт имамы және ауыл кәсіпкерінің бірлесуімен қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Игі шара барысында әлеуметтік қолдауды қажет ететін 8 отбасыға азық-түлік пен қажетті көмектер көрсетілді.

Бұл қайырымдылық шарасы – ауыл тұрғындарының бірлігі мен жанашырлығының жарқын көрінісі. Осындай сауапты іске атсалысқан азаматтарға алғысымызды білдіреміз.

Береке мен бірлік әрдайым ортамыздан табылсын!