
2025 жылдың 29 қазан күні Ақын Сара ауылдық округінің әкімі Бозов Шынарбек Касымович Ақтұма, Тамбала ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында ауылдың өзекті мәселелері талқыланып, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берілді. «Ресми тәртіпте өтініш жасау - проблемалық мәселені мемлекеттік органмен бірге шешудің тиімді тәсілі» тақырыбында, «Ескелді ауданы Ақын Сара ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы туралы алаяқтықтың алдын алу мақсатында «Интернет - алаяқтарының құрбаны болмаңыздар !!!» жадынамалар таратылып, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және терроризм актінің қауіпі туындаған немесе терроризм акті жасалған жағдайдағы әрекеттер түсіндірді.