Жетісу облысы әдістемелік орталығы мен Bilim Class платформасы мамандарының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 7-8 тамызында «Bilim Class платформасының мүмкіндіктері» тақырыбында оқыту вебинары өтті.
Вебинар жұмысына Ескелді, Кербұлақ, Көксу, Сарқан және Панфилов аудандары, Текелі, Талдықорған қалалары мен облыстық білім беру ұйымдарының директорлары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен Kundelik.kz-ке жауапты мамандары қатысты.