«Мейірім» акциясы

«Мейірім»  акциясы

Жетісу облысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында «Мейірім»  акциясы іске  асырылуда.

Акцияның негізгі миссиясы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу үшін қажетті жағдай жасау, жұмысқа орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады.

Акция шеңберінде кәсіпорындардың, бизнестің, мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатарынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кәсіптік бағдарлау және одан әрі жұмысқа орналастыру, тұрғын үй сатып алу үшін Отбасы банкінде депозиттік шоттар ашып, толықтыру мақсатында тәлімгерлерді бекіту көзделген.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы мен баланы сүйемелдеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алған кәсіпорын арасында баланы әлеуметтік-патронаттық қолдау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы келісімшарт жасалады.

Облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жалпы саны - 862, оның ішінде осы санаттағы балаларға арналған мекемелерде 131 бала тәрбиеленуде.

Құрметті облыс тұрғындары! «Мейірім» қайырымдылық акциясын іске асыруға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.

Толығырақ ақпарат алу үшін Жетісу облысының білім басқармасына хабарласуға болады (тел. 87773594868).