Ұлттық бірыңғай тестілеу

Ұлттық бірыңғай тестілеу

2024 жылғы талапкерлер!
💻Негізгі ҰБТ-ға тіркелу 6-14 мамыр аралығында www.app.testcenter.kz сайты және UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳ҰБТ өткізу мерзімі: 2024 жылғы 16 мамыр - 5 шілде.
❗️МАҢЫЗДЫ (осы даталарды жаттап алыңыздар):
👆6-10 мамыр аралығында ҰБТ-ның 1-ші мүмкіндігіне;
👆11-14 мамыр аралығында 2-ші мүмкіндігіне өтініш беру қолжетімді болады.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өту ПУКНТІН, КҮНІН және УАҚЫТЫН өздері таңдайды.
👍Естеріңізге сала кетейік, аталған кезеңде сіз тестілеуді 2 рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса аласыз.
✅Бұл ҰБТ-ға қатыса алады:
👏2024 жылғы мектеп және колледж түлектері;
👏мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері;
👏шетелде 11(12) сынып білім алушылары;
👏қандастар;
👏жоо-да шартты түрде білім алушылар.
💸Ағымдағы (2024) жылдың МЕКТЕП түлектері ҰБТ-ға ТЕГІН қатысады, қалған тұлғалар үшін тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.