«Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

«Үздік педагог-2023» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі

2023 жылы 14 желтоқсанда облыс әкімдігінің ғимаратында «Үздік педагог-2023» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байкаудың мақсаты-педагогтердін мәртебесін арттыру, олардын касіби біліктілігі мен кәсіби өсуін қолдау және көтермелеу, еліміздің үздік педагогтарын анықтау, үздіктерді тарату және насихаттау.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев, Жетісу облысы білім басқармасының басшысы Марат Бекбосынұлы Сүлейменов, конкурсқа қатысушы педагогтар қатысты. Марапаттау рәсімін облыс әкімінің орынбасары Марлен Қапашұлы Көлбаев құттықтау сөзімен ашып, республикалық кезең жеңімпаздарына Ескелді ауданы Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі А.В.Нестеренкоға және Көксу ауданы М.Құрманов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Б.Абдрешоваға ақшалай сертификаттар мен медальдар табысталды.
Сондай-ақ, облыстық кезең жеңімпаздарына: Талдықорған қаласының
№20 мамандандырылған лицейінің тарих пәні мұғалімі Г.Жуаспаеваға, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейінің физика пәні мұғалімі М.Қисаға, Қаратал ауданы С.Морозов атындағы №51 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Ю.И.Федотова-Калошинаға, Ақсу ауданы І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Э.Д.Естибаеваға, Көксу ауданы М.Құрманов атындағы №2 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Н.Талдаубекке, Панфилов ауданы Жамбыл атындағы орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі А.Қ.Ибраимоваға, Талдықорған жоғары медициналық коледжінің арнайы пән оқытушысы Ж.А.Сагиндыковаға, Жаркент жоғары педагогикалық колледжінің арнайы пән оқытушысы А.К.Джумабаеваға қатысу туралы куәліктер мен ақшалай сертификаттар табысталды.