2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша  республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша
республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылғы 12 қазандағы №307 «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығына сәйкес 9-11 (12) сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада келесі кезеңдер бойынша өткізіледі:
- бірінші кезең – 2023 жылғы 30 қарашаға дейін;
- екінші кезең – 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін бір мезгілде;
- үшінші кезең – 2024 жылдың қаңтар айының соңына дейін бір мезгілде.
Ауылдық мектептердің 9-11 сынып оқушылары үшін жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңі 2023 жылдың қараша айының соңына дейін, екінші (іріктеу) кезеңі 2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін өткізіледі. Олимпиаданың үшінші кезеңі аяқталғаннан кейін 7 күн ішінде «Дарын»
РҒПО-ға олимпиаданың үшінші кезеңі жүлдегерлерінің тізімі және бірінші, екінші және үшінші кезеңдерді өткізу қорытындылары туралы есептер мен ауылдық мектептер үшін Республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінің жүлдегерлерінің тізімі ұсынылуы қажет.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиадасы жаратылыстану-математикалық бағытта: математика, информатика, физика, химия, биология, география пәндері бойынша, қоғамдық-гуманитарлық бағытта: қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі және әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі пәндері бойынша өтеді.
Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі №307 бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша Астана, Алматы қалалары мен Павлодар облысында, қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндері бойынша Атырау, Қостанай, Солтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында өтеді.
Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңінің қатысушылары №307 бұйрықтың 4-қосымшасына, ал олимпиаданың квотасы 5-қосымшасына сәйкес анықталады. Жетісу облысынан Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңіне жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 36 оқушы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 36 оқушы қатысатын болады.