ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекітті.
Орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылы 1 қыркүйекте басталды, 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсанда оқу уақыты - 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады.
Екінші тоқсанда 8 оқу аптасы бар, қысқы каникул 2023 жылдың 29 желтоқсанында басталады, бұл каникул 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылдың 21 наурызында басталып, 31 наурызда (қоса алғанда) аяқталады.
Айта кетейік, жыл сайын бірінші сынып оқушылары үшін үшінші тоқсанда қосымша демалыс беріледі, оның ұзақтығы - 7 күн, яғни бұл мерзім 2024 жылдың 5 ақпанынан 11 ақпанға (қоса алғанда) дейінгі аралықты қамтиды.
Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасына созылады. Сондай-ақ 25 мамырда қорытынды шығарылып, оқу жылы аяқталады.
Дереккөз: ҚР Оқу-ағарты министрлігінің ақпараттық ресурсы
https://www.gov.kz/memleket/entities/edu/press/news/details/631003?lang=kk