
2023 жылғы 19 қыркүйекте Жетісу облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен мектепке дейінгі ұйымдардың жаңашыл үлгісін анықтау, озат педагогикалық тәжірибені тарату, насихаттау, педагогикалық бастамаларды ынталандыру, оларға қолдау көрсету мақсатында «Үздік балабақша-2023» облыстық байқау өткізілді.
Аталған байқауда жүлделі І дәрежелі диплом мен 1 000 000 сертификатымен - Қаратал ауданы, "Балбөбек" бөбекжай- балабақшасы, ІІ дәрежелі диплом мен 500 000 тг сертификатымен Талдықорған қаласы, № 5 ясли бақшасы, ІІІ дәрежелі диплом мен 300 000 тг сертификатымен Алакөл ауданы, «Нұрай» балабақшасы марапатталды.
Сонымен қатар, «Ізденімпаз балабақша» номинациясын Ақсу ауданы, «Күншуақ» балабақшасы - 100 000 тг, «Креативті балабақша» номинациясын Текелі қаласы, «№3 бөбекжай балабақшасы» - 100 000тг,
«Үздік инновациялық алаң номинациясын Көксу ауданы, «Жұлдыз» бөбекжай-балабақшасы - 100 000 тг иеленді.
Байқауға қатысқаны үшін алғыс хат Панфилов ауданы, «Ертөстік» балабақшасы, Сарқан ауданы, «Балдырған» бөбекжай-балабақшасы, Ескелді ауданы, «Балапан» бөбекжай – бақшасы, Кербұлақ ауданы «Ай-сана» бөбекжай-балабақшасына берілді.