ЖЕТІСУ ДАРЫНДАРЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИІКТЕ

ЖЕТІСУ ДАРЫНДАРЫ-ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИІКТЕ

2026 жылғы 16 маусымда халықаралық білім және ғылым додаларында жоғары нәтиже көрсеткен оқушылармен салтанатты кездесу өтті.

Шараға 24 оқушы мен 1 команда қатысып, олардың жетістіктерін құттықтауға Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қ.С. Қасымов арнайы келді.

Марапаттау рәсімінде халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының жүлдегерлеріне:
🥇 І орын үшін – 30 АЕК;
🥈 ІІ орын үшін – 20 АЕК;
🥉 ІІІ орын үшін – 10 АЕК көлемінде сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында өткен «China FIRST Tech Challenge 2026» халықаралық робототехника жарысында командалық есепте ІІІ орын иеленген "Water 7" командасы «Үздік команда» номинациясы мен 50 АЕК көлеміндегі сертификатқа ие болды.

Облыстың олимпиадалық қозғалысының дамуына елеулі үлес қосқан «Олимпиада көшбасшылары – 2026» номинациясының иегерлері де 50 АЕК көлеміндегі сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 Білім мен ғылым жолында биік белестерді бағындырып жүрген жас дарындардың жетістігі – өңір мақтанышы. Жас зияткерлерге алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!