«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі басталды

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» республикалық конкурсының өңірлік кезеңі басталды

«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» байқауының өңірлік кезеңі талантты жастарды қолдауға, студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және техникалық және кәсіптік білім беру беделін арттыруға бағытталған.
«Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасын іске асыру кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 26 мамырдан бастап Жетісу облысында байқаудың өңірлік кезеңі ұйымдастырылып, өткізіледі. ️Өңірлік кезеңге тек Ішкі (Колледжішілік) кезең жеңімпаздары қатысады

Өңірлік кезең барысында үміткерлерге кешенді бағалау жүргізіледі. Бағалау келесі бағыттарды қамтиды:
• «Адал азамат», «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» құндылықтары мен қағидаттарын ұстануы;
• волонтерлік қызметті бағалау;
• цифрлық дағдыларды қолдануы;
• академиялық үлгерімі мен WorldSkills чемпионатына қатысуын талдау.
Іріктеу кезеңдерінің өткізілуі туралы ақпарат колледждердің әлеуметтік желілерінде (Instagram, Facebook), сондай-ақ басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып отырды.