
Оқылым, айтылым, тыңдалым және жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату мақсатында Кербұлақ ауданындағы Қосағаш орта мектебі базасында орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Суперсабақ: әдістемені тәжірибе арқылы сезіну» тақырыбында облыстық PR-акция өткізілді.
Іс-шара барысында Кербұлақ ауданының педагогтері заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ үдерісінде оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық жұмыстарын ұсынды. Сонымен қатар қатысушылар әдістемелік идеялармен алмасып, кәсіби тәжірибелерін жетілдіруге мүмкіндік алды.