
Талдықорған төрінде «Ілияс оқуларының» қорытынды кезеңі бастау алды!
2026 жылдың 13-15 мамыр күндері Талдықорған қаласында республикалық "Ілияс Жансүгіров оқулары" байқауының қорытынды кезеңі бастау алды.
Ақынның рухын ұлықтап, әдебиеттің алауын жаққан бұл байқаудың мақсаты зор — Ілияс Жансүгіров шығармашылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру.
Еліміздің әр аймағынан жиналған 100-ге жуық дарынды оқушы бақ сынауда.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!