
Талдықорған қаласының білім беру ұйымдарының 11-сынып оқушылары үшін кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында Түркияның беделді жоғары оқу орындарының бірі — Üsküdar University өкілдері оқушыларға университеттің білім беру бағдарламалары, халықаралық мүмкіндіктері, қабылдау талаптары мен студенттік өмір туралы кеңінен ақпарат берді.
Шараның басты мақсаты — түлектерге болашақ мамандығын таңдауда бағыт-бағдар беру және шетелде білім алу мүмкіндіктерімен таныстыру. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, халықаралық білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктер туралы мағлұмат алды.