
Жетісу жастары – республикалық олимпиада жүлдегерлері!
2026 жылғы 2–5 мамыр аралығында Астана қаласында 9–11 сынып оқушыларына арналған «Қаржылық сауаттылық және қауіпсіздік» бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Білім мен бәсеке тоғысқан додада Жетісу облысының намысын қорғаған 4 оқушы жоғары деңгейде өнер көрсетіп, олардың екеуі жүлделі орындарға ие болды.
ІІІ орын иегерлері:
– Афиндеев Тигран, №20 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы;
– Балгабаев Мансур, «Білім-Инновация» мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы.
Жас зияткерлерімізді жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік, білім жолындағы жеңістеріңіз көп болсын!