
2026 жылдың 28 сәуірінде Талдықорған қаласында «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының ІІ кезеңі өтті.
Жетісу облысы бойынша:
▪️ 2547 оқушы тіркелді
▪️ 1342 оқушы І кезеңнен өтті
▪️ 189 оқушы ІІ кезеңге жолдама алды
«Мың бала» – ауыл мектептеріндегі дарынды оқушыларды қолдауға арналған маңызды жоба. Олимпиадаға 5–6 сынып оқушылары қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін сынайды.
Негізгі мақсат – ауыл балаларына сапалы білім алуға мүмкіндік беру және олардың дарынын дамыту.
Жеңімпаздар еліміздің үздік зияткерлік мектептерінде білім алу мүмкіндігіне ие болады!