Тағылымдама

Тағылымдама

Жетісу облысының білім басқармасы және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментімен бірлескен «Оқушылар арасында мемлекеттік қызмет құндылықтарын және ерте кәсіптік бағдарлауды ілгерілету жөніндегі» іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылы 13- 17 сәуір аралығында Талдықорған қаласындағы М.Жұмабаев атындағы №19 орта мектеп-гимназиясының оқушылары Жетісу облысы ішкі саясат басқармасында тағылымдамадан өту жұмыстары басталды.