2026 жылы өткен «Robotek Grand Tournament» облыстық турнирі – жас робототехника әуесқойларының білімін, шеберлігін және шығармашылығын шыңдаған маңызды алаң болды

2026 жылы өткен «Robotek Grand Tournament» облыстық турнирі – жас робототехника әуесқойларының білімін, шеберлігін және шығармашылығын шыңдаған маңызды алаң болды

Бұл додаға облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан келген командалар қатысып, әр бағыт бойынша 1 командадан (2 оқушы) бақ сынады. Жалпы саны 51 команда, 102 оқушы өзара мықтыны анықтады. 

Турнир барысында қатысушылар түрлі бағыттарда робот құрастырып қана қоймай, оларды нақты тапсырмаларда шебер қолдана білді. Әр кезең — білім мен табандылықтың сыналар сәті болды.

✨ Бұл турнир — тек жарыс қана емес, жас ұрпақтың инновацияға деген қызығушылығын арттырып, болашақ инженерлер мен IT мамандардың қалыптасуына үлкен серпін берген маңызды шара болды.

Қатысушылар өздерінің білімін ғана емес, командалық рухын, табандылығын және шығармашылық қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. 

Осындай жарыстар жас таланттардың жолын ашып, еліміздің технологиялық болашағына берік негіз қалайды!