2026 жылғы 18 наурыз күні Жетісу облысында дарынды оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

2026 жылғы 18 наурыз күні Жетісу облысында дарынды оқушыларды салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Білім мен табандылықтың нәтижесінде жоғары жетістікке жеткен оқушылар марапатталып, олардың еңбегі жоғары бағаланды. Нәтижесінде І орын – 69 оқушы, ІІ орын – 85 оқушы, ІІІ орын – 102 оқушы иеленді. Жалпы саны 256 оқушы марапатқа ие болды.

Аталған жетістіктер – оқушылардың тынымсыз еңбегі мен педагогтердің кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.

Салтанатты рәсім барысында халықаралық білім додаларында жоғары нәтиже көрсеткен Жетісу өңірінің дарынды оқушылары ерекше марапатталды. Сонымен қатар, жоғары нәтиже көрсеткен аудан/қала және мамандандырылған білім беру мекемелеріне «Үздік олимпиадалық команда – 2026» атағы берілді.