«Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы

«Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасы

2026 жылғы 1–2 наурыз күндері Астана қаласындағы Spectrum International School базасында «Ана тілі» республикалық зияткерлік олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

 Білім бәйгесіне Жетісу облысынан 4 команда қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

 Ерекше қуанышпен хабарлаймыз:
Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі-інің «Шырақ» командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды! 

 Топ құрамы:
Амангелдіқызы Айару
Сүндетбай Мереке
Өнімбай Аруна

Топ жетекшісі: Кабдыгалиева Нургуль Ахметжановна

 Сонымен қатар, команда мүшесі Сүндетбай Мереке «Үздік талдаушы» номинациясымен марапатталды! 

 Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. 

 Жеңімпаздарды және жетекшісін шын жүректен құттықтаймыз!
Жаңа белестер мен жарқын жеңістер тілейміз!