
Шараның мақсаты — Мұқағали поэзиясының рухани тереңдігін жас ұрпақтың жүрегіне жеткізу, ақын мұрасын кеңінен насихаттау, қазақ өлеңінің көркемдік қуатын дәріптеу.
Әдеби-сазды кешке Қазақстанның Құрметті жазушысы, ақын Нүсіпбай Әбдырахым, Қазақстанның Құрметті журналисі Жұмахмет Жайлаубаев, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы Жұматай Оспанұлы, Жазушылар одағының Жетісу облыстық филиалының директоры, ақын Жангелді Немеребай қатысып, Мұқағали мұрасының маңызы туралы ой бөлісті. Облысымыздың ұстаздар қауымы мен оқушылар ақын өлеңдерін жатқа айтып, Мұқағали сөзіне жазылған әндер шырқалды.