Облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Әкелер форумы өткізілуде.

Облыстың барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Әкелер форумы өткізілуде.

Форумның негізгі мақсаты — бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, сондай-ақ білім беру ұйымдары мен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты күшейту.

 Форум барысында әкелердің тәрбие үдерісіне белсенді қатысуы, ұрпаққа өнеге көрсету, мектеп пен отбасы арасындағы өзара ықпалдастық мәселелері кеңінен талқылануда.

 Аталған форум саналы ұрпақ тәрбиелеуге, қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын орнықтыруға бағытталған.