Аудан/қала педагог-психологтарына арналған ZOOM форматы

Аудан/қала педагог-психологтарына арналған ZOOM форматы

2025–2026 оқу жылына арналған іс-шара жоспарына сәйкес аудан/қала педагог-психологтарына арналған ZOOM форматында конференция өтті.

Конференцияның тақырыбы:
«Дарынды балаларды қолдауда жұмыс жүйесін құру – заманауи білім берудегі маңызды бағыт»

Іс-шараның негізгі мақсаты – дарынды оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу арқылы олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға тиімді қолдау көрсету.

Семинарға аудан/қала көлемінен 57 педагог-психолог қатысып, дарынды балалармен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдері мен тәжірибелері талқыланды.

Конференция барысында дарынды балалармен жұмыс тек олимпиадалар мен байқаулармен шектелмейтіні атап өтілді. Бұл – баланың қабілетін ерте кезеңнен анықтаудан бастап, оны жүйелі дамытуға, психологиялық сүйемелдеуге және кәсіби бағдар беруге дейінгі толыққанды білім беру экожүйесін қалыптастыру екені ерекше назарға алынды.