
2026 жылғы 10–15 қаңтар аралығында Алматы қаласында мамандандырылған лицей оқушыларына арналған математика, физика және информатика пәндері бойынша 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.
Олимпиадаға әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысады. Қатысушы елдер қатарында: Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар.
Бес күнге созылатын олимпиада екі турдан тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған.
Жетісу облысынан олимпиадаға мамандандырылған лицейлердің 7 оқушысынан тұратын құрама команда қатысуда.
Білім додасында жас зияткерлерімізге сәттілік, биік нәтижелер мен жеңіс тілейміз!