
2025 жылғы 12 желтоқсан күні Жетісу облысының білім басқармасы мен «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар мен 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» республикалық зерттеу жобалары конкурстарының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өткізілді.
Биылғы жылы облыстық кезеңге жалпы 480 жоба ұсынылып, 548 оқушы қатысқан. Оның ішінде 276 жоба 324 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Жүлде алушылардың санаты:
- І орын – 53 оқушы;
- ІІ орын – 103 оқушы;
- ІІІ орын – 168 оқушы.