Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

Жетісу облысы: үш жылда 1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 276 әлеуметтік нысан жаңартылды

Жетісу облысында соңғы үш жылда  1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе 13 498 отбасы жаңа қонысқа ие болды, оның 2 362-сі халықтың әлеуметтік осал топтарына, 388-і апатты тұрғын үйде тұратындарға берілді. Сонымен қатар аталған кезеңде жаңадан салынатын немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңартудың деңгейі орта есеппен 55,8%-ды құрап, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы 276 нысан жаңартылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, білім беру саласында 19 жаңа нысан салынып, 22-сі күрделі жөндеуден өтті. Нәтижесінде бейімделген мектептер саны 69-дан 38-ге дейін қысқарды. Бұл ретте облыста апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп жоқ.

Ал денсаулық сақтау саласында 149 жаңа нысан қолданысқа беріліп, 13 нысанға күрделі жөндеу жасалды. Сондай-ақ облыс құрылғаннан бері 39 спорттық және 34 мәдениет нысандары жаңартылып, пайдалануға берілді.

- Бұдан бөлек, инвесторлар есебінен Талдықорған қаласында жабық мұз аренасы, спортшыларға арналған төрт қабатты тұрғын үй және екі үстел теннисі орталығы салынды, - деді Бейбіт Исабаев брифинг кезінде.

 

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

Фотографтар: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев, Жұмабай Мұсабеков