
«Digital Teacher – Smart AI» жобасы аясында «Жасанды интеллект және білім беру: жаңа мүмкіндіктер мен болашақ бағыттар» атты облыстық тәжірибе алмасу семинары өтті. Семинар барысында Талдықорған қаласының педагогтері ашық сабақтар көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Шараға Ескелді, Көксу, Қаратал аудандарының, сондай-ақ Талдықорған және Текелі қалаларының информатика пәні мұғалімдері қатысты.