7–8 сынып оқушылары үшін республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі

7–8 сынып оқушылары үшін республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі

 2025 жылдың 3 желтоқсан – жас дарындар өз білімін дәлелдейтін ерекше күн!
Бұл күні 7–8 сынып оқушылары үшін республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңі өтеді. Білім бәйгесіне қызығушылығы жоғары, ізденімпаз оқушылар қатысып, өз мүмкіндіктерін шыңдайды.

7-сынып бойынша биыл – 1895 оқушы тіркеліп отыр. Бұл – оқу мен ғылымға құштар жасөспірімдердің көптігін көрсететін қуанышты көрсеткіш ✨
 Әрбір қатысушыға сәттілік тілейміз!
Білімге деген ынта мен жігер жолдарыңыздан тайдырмасын. Жарқын жетістіктер мен жаңа белестерге бастайтын күн болсын!