Онлайн бюджеттік мониторинг

Онлайн бюджеттік мониторинг

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 01.01.2025 жылдан 30.11.2025 жылға дейін бюджет қаражатының мақматты жұмсалуын бақылау мақсатында «онлайн бюджеттік мониторингін» жүзеге асырады.

«Онлайн-бюджеттік мониторинг» модулі қаржылық бұзушылықтарды жедел анықтау құралы ретінде өз тиімділігін растады. Олар: білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарының қызметкерлеріне жалақы төлеуге бағытталған.

Онлайн бюджеттік мониторингін енгізу кезінде Департамент білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлеріне қатысты жоғары тәуекел деңгейіне ие төлемдер бойынша жалпы сомасы 625 012,9 мың теңге болатын 541 мониторинг объектісіне хабарлама жіберді.

 Оның ішінде: Білім беру бойынша 298 объектіге 482 279,2 мың тенге сомасына хабарлама жіберілді.

Мәдениет және спорт бойынша 158 объектіге 79 208,9 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.

Денсаулық сақтау бойынша 85 объектіге 63 524,8 мың теңге сомасына хабарлама жіберілді.

Жетісу облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті превентивті бақылауды күшейту және бюджнттік тәуекелдерді басқару жүйесін жалғастыруда.