Жаратылыстану-математика бағытындағы ХVIII Президенттік олимпиада

Жаратылыстану-математика бағытындағы ХVIII Президенттік олимпиада

2025 жылғы 21 қазан күні Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХVIII Президенттік олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңі өтуде.

Жетісу облысынан 20 оқушы өз білімін сынға салуда.
Айта кетерлігі, бұл кезеңге алғаш рет олимпиадаға қатысып отырған 11-сынып оқушылары қатысуда.

Олимпиада екі турдан тұрады:
 I тур – «SmartДарын» жүйесінде онлайн форматта өткізіледі. Әр пән бойынша 15 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларына 2 сағат уақыт беріледі.
 II тур – эссе жазу, оған 45 минут уақыт бөлінеді.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!
Дарындыларды қолдайық, білімділерді бағалайық!