Дарынды жастарымыз – «Махамбет оқулары» байқауында жарқырады!

Дарынды жастарымыз – «Махамбет оқулары» байқауында жарқырады!

2025 жылғы 8-10 қазан аралығында Атырау қаласында өткен республикалық «Махамбет оқулары» байқауы Жетісу облысының дарынды оқушыларына үлкен мүмкіндік сыйлады. Байқауға қатысқан 4 оқушының 3-уі жүлделі орынға ие болып, облыс мерейін үстем етті:

 ІІ орын
— Әбілқасым Ақбота, Талдықорған қаласы, Б.Сырттанов атындағы №25 орта мектептің 9-сынып оқушысы

 ІІІ орын
— Сәулетханұлы Дархан, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей, 8-сынып
— Ернарұлы Нұрәли, М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицей, 8-сынып

 Бұл байқаудағы жетістіктер – оқушыларымыздың таланты мен еңбекқорлығының, шығармашылық әлеуетінің жарқын дәлелі.
Олардың қазақ поэзиясына, әдебиетке деген қызығушылығы — болашақта үлкен өнер жолына жетелер сенімді қадам!

 Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестер мен шығармашылық табыстар тілейміз!