Қазан айының 8-9 күндері аралығында алғаш рет «Medskills Zhetysu – 2025» республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты өтті.
Аталған шараға еліміздің 18 облысынан медициналық колледждер қатысып, студенттер білімдері мен кәсіби дағдыларын іс жүзінде көрсетіп, бәсекеге қабілеттіліктерін дәлелдеді.