2025 жылғы 30 маусым күні Талдықорған жоғары аграрлық колледжінде түлектерге арналған салтанатты диплом тапсыру рәсімі өтті. Бұл күн – студенттік жылдардың соңғы парағы жабылып, жаңа өмір жолына алғашқы қадам жасалатын ерекше сәт болды.
Іс-шараға колледж басшылығы, оқытушылар, ата-аналар мен қонақтар қатысты. Колледж директоры түлектерді шын жүректен құттықтап, оларға мықты денсаулық, сәттілік пен кәсіби жолда табыс тіледі.
Салтанатты жиын барысында үздік бітірген студенттерге «Үздік дипломдар» табысталып, белсенді қоғамдық өмірге қатысқан түлектерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар берілді. Оқытушыларға да ерекше алғыс білдірілді – олардың еңбегі мен білімі түлектердің бүгінгі жетістіктерінің негізі екені атап өтілді.
Шара соңында түлектер оқытушыларға алғыстарын білдіріп, естелік суреттерге түсті. Бұл күн – әрбір түлек үшін есте қаларлық қуанышты әрі әсерлі оқиға болды.